Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және жазушы, драматург Жиенғали Тілепбергенұлының 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жиенғали Тілепбергенұлы және қазақ әдебиетіндегі Алаш идеясы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция

Биыл 2020 жылы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Ақтөбе өңірінен шыққан дарынды жазушы, журналист, драматург Жиенғали Тілепбергенұлы 125 жасқа толды. Сол атаулы мерекеге орай Білім берудің жоғары мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен   2 желтоқсан күні «Жиенғали Тілепбергенұлы және қазақ әдебиетіндегі Алаш идеясы» тақырыбындағы республикалық деңгейде ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты: жергілікті жазушы, драматург Жиенғали Тілепбергенұлының шығармашылық әлемін зерттеу, жазушы шығармашылығына баға беру; қазақтың алаш рухты әдебиеті мен аймақтық әдебиетіндегі өзекті мәселелерді зерделеу;  қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы проблемаларды талқылау болды. Шара екі тілде: орыс және қазақ тілдерінде онлайн форматта жүргізілді.

Конференцияға республиканың түкпір-түкпірінен, көршілес Ресей мемлекетінен әдебиетші, тілші ғалымдар қатысты.

Баишев университеті Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, доцент, филология ғылымдарының кандидаты М.О.Мировтың және  Баишев университеті Білім берудің жоғары мектебінің деканы, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты А.К.Дуйсенбаевтың құттықтау сөздерімен ашылған пленарлық отырыста   Қазақстанға танымал ғалымдар нақтырақ айтсақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Негимов С.Н. «Жиенғали Тілепбергенов және қазақ әдебиетіндегі алаш идеясы», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ахмет К.С. «Жиенғалитанудағы Тұрсынбек Кәкішевтің орны», М.Ақмолла атындағы БМПУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты  Хабибуллина З.А. «Медресе Ғалия – просветительско-культурный центр тюркских народов начала ХХ века», Баишев университеті доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ниязова Ғ.М. «Жиенғали шығармаларының ғылыми танымы», С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті доценті, филология ғылымдарының кандидаты. Токсанбаева Т. Ж. «Жиенғали Тілепбергенұлы – қазақтың тұңғыш драматургтерінің бірі» тақырыптарында баяндамалар жасап, құнды ақпараттармен бөлісті. 

 

Конференция қортындысында «Жиенғалитану» бағытындағы жұмыстардың жалғасын табуы, жазушының қазақ әдебиеті мен публицистикасына жасаған еңбегін насихаттау туралы ұсыныстар жасалып, бұл салада ғылыми ізденістерді әлі де жалғастыру мәселесі айтылды.