Баишев Университеті

Баишев Университеті

Жаңа жылға саяхат

23.12.2021 күні Баишев университеті, «Ұлағат» педагогика институты басшылығымен, «Педагогика, психология және пәндік технологиялар» кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты, аға оқытушы Сұлтан Жұлдыз Исақызының ұйымдастыруымен «Жаңа жылға саяхат» мерекелік шарасы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш мектепте оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2-4 курс білім алушыларына өткізілді.

Мерекелік шараның мақсаты: ППжПТ кафедрасының білім алушыларына жаңа жылдық көңіл күй сыйлай отырып, 2021 жылға атқарған жұмыстарын бағалау болды.

Әр топтың белсенді білім алушылары ректор атындағы «Алғыс хат» пен, сонымен қатар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында «6В012-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасы бойынша ХІІІ республикалық пәндік олимпиадасына қатысып «Еducator» командасы жүлделі І орын иеленген команда мүшелері және Сербия мемлекетінде өткен халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсында жүлделі орын иегерлері марапатталды.

«Жаңа жылға саяхат» мерекелік шарасында ППжПТ кафедрасының білім алушыларына өз өнерлерін көрсетті.