«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері» жалпы білім беретін мектептердегі ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған қашықтықтан оқыту курсы

2020 жылғы 8-19 маусым аралығында біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында курстар өткізіледі.
               Курста Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысындағы мектептердің ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқиды.  Модератор – Пеннер Наталья , Баишев университетінің шет тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы.

  Курстың мақсаты:

  1.  – мұғалімдердің сабақта тиімділігін арттыру;
  2.  – қатысушылардың коммуникативті әдіснаманың принциптері туралы хабардарлығын арттыру;
  3.  – сабақта ағылшын тілін қолдану аясын кеңейту;
  4. – қатысушыларға тиімді сабақты жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін әдістеменің негізгі білімдерін қолдануға мүмкіндік беру.

               Курс нұсқауларды дұрыс тұжырымдау, тыңдау, оқу және сөйлеуге үйрету, оқушының қателіктерін түзету, мұғалім мен оқушыға деген сенімді дамыту сияқты тақырыптарды қамтиды. Курс барысында қатысушылар коммуникативті әдістеменің негізгі қағидаларын, ағылшын тілін сабақта қолданудың артықшылықтарын талқылауға мүмкіндік алады, сонымен қатар олардың бар материалдарын тиімді сабаққа бейімдеуге үйретіледі. Бұл бағыттар таңдалды, өйткені тәжірибе көрсеткендей, олар ағылшын тілін оқытудың ең маңызды және проблемалық бағыттары болып табылады.
               Курстың ерекшелігі – оның қашықтық оқыту. Курсқа қатысушыларға ыңғайлы уақытта ұсынылған материалдарды оқып, тапсырмаларды орындау мүмкіндігі бар. Кері байланыс Google Classroom білім беру платформасы арқылы беріледі. Материалдар 2 апталық оқу курсына арналған. Әр модульде мақсаттар мен нәтижелер, талқылауға арналған сұрақтар және мүмкін жауаптар, әр кезеңде өткізілетін уақыт және тапсырмаларды орындау мерзімі туралы нақты түсінік берілген.
              Курстың практикалық маңызы бар. Курстың соңында қатысушылар коммуникативті дағдыларды оқытуға арналған сабақ жоспарын құруға, оқу құралдарына материалдарды бейімдеуге қабілеттерін көрсетулері қажет. Курс коммуникативті әдістемеге негізделген. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.

Хабарландырулар

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2020 жылғы 2 желтоқсанда Баишев университеті Білім берудің жоғары мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жазушы, драматург, жергілікті жазушы Жиенғали Тілепбергеновтің 125 жылдығына орай «Жиенғали

Читать далее »
Хабарландырулар

«Студенттер қатарына қабылдау»

Құрметті 1 курс студенттері! Сіздерді 25 қараша сағат 15:00 де «Студенттер қатарына қабылдау» кешіне қатысуға шақырамыз. Офлайн – Ақ зал, Онлайн – Идентификатор конференции: 940

Читать далее »
Новости

«Еріктілер студенттік қоғамдық қызметтің ерекше формасы ретінде»

Сіздерді «Жас қоғам қайраткері: мәселелері мен мүмкіндіктері  –  «Еріктілер студенттік қоғамдық қызметтің ерекше формасы ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз. 2020 жылы 25 қарашада сағат

Читать далее »
Новости

Бейнероликтердің факультет аралық байқауы

Бейнероликтердің факультет аралық байқауы «ҚР тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі мен еңбегі»(мемлекеттік және орыс тілдерінде) 2 желтоқсан zoom бағдарламасында

Читать далее »