Баишев Университеті

Баишев Университеті

Жақсылық жасап жарысайық

      Баишев Университеті қайырылымдылық шараларын жүйелі түрде өткізіп келеді. Бүгін белсенді студенттеріміз «Үміт» балалар үйінде ағаш отырғызу акциясын өткізді. Бұл игі бастама студенттердің жыл сайынғы дәстүрлі ісіне айналды. Өйткені ол білім алаушыларды тек сапалы білім беріп қана қоймай, оларды игі істер жасауға, мейрімділік пен адамгершілікке, рухани жағынан тәрбиеленуіне және еңбекке баулу арқылы өмірден өз жолдарын адаспай табуларына белгілі дәрежеде үлес қосады.