Баишев Университеті

Баишев Университеті

Жас Ұстаздар мектебі

     2020 жылғы 26 қазанда Баишев Университетінің жас оқытушыларына арналған дәстүрлі түрдегі «Жас Ұстаздар мектебі» курсы өз жұмысын бастады. Курстың мақсаты – университеттің ғылыми атақ-дәрежесі бар  ғылым докторлары мен кандидаттарының жаңадан орналасқан магистр оқытушыларға педагогика-психологиялық, әдістемелік жағынан қолдау көрсете отырып, олардың университет қабырғасында оқу-тәрбие, ғылым үдерісіне дайындығының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

      Курсты «Құқық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Әзімбай Асарұлы Асаров «Қазіргі білім беру саласындағы дағдарыс мәселелері» тақырыбында дәріс сабағымен бастады. Дәрісте білім саласының олқы тұстары және оларды шешу жолдары айтылып, магистр жас оқытушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

      Курс 26 қазаннан 18 қарашаға дейінгі мерзімде күніне екі сағаттан жоспарланған. Курсты 18 ПОҚ дәріс, тәжірибелік сабақ, вебинар, тренинг, шеберлік сыныбы түрлерінде онлайн (ZOOM платоформасы арқылы) және оффлайн режимінде 14 жас оқытушыға жүргізеді. Курс соңында курс тыңдаушыларына сертификаттар табысталады.