Баишев Университеті

Баишев Университеті

Жас оқытушы – жоғары білім берудің қазіргі үрдістерін жалғастырушы маман

«Жас оқытушылар мектебі» курсы Баишев Университетіне жұмысқа жаңадан орналасқан жас магистр-оқытушыларға арналған. «Жас оқытушылар мектебі» курсы ондаған жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келуде. Жас оқытушының өз мамандығы бойынша теориялық жағынан дайындығы болғанымен, алған білімін педагогикалық тұрғыда пайдалана алмай жатады. Осылайша оқытушылықты жаңа бастаған маманның теориялық дайындығы мен педагогикалық қызметтегі тәжірибесінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық туындап, бірқатар қиындықтарға тап болады. Атап өтсек, сабақ уақытын тиімді пайдалана алмауы, сабақ кезеңдерінің бірізділігін ойша құра білмеуі, өтетін тақырыбын аша алмауы сияқты қиындықтарға кездеседі. Сол себептен де, алғашқы кезеңде жас маманның қалыптасуы үшін нақты көмек қажет. Жұмыстың алғашқы күнінен бастап-ақ аға буынның тәлімгер ретінде жас маманға тәжірибелі оқытушылық міндеті жүктеледі.

Осы орайда оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімі ЖОО-да еңбек жолын енді бастаған жас маманға «Жас оқытушылар мектебі» курсы аясында «Жоғары білім берудің қазіргі үрдістері» атты 72 сағатқа жоспарланған курсты ұйымдастырып өткізді. Курстың мақсаты университеттің ғылыми атақ-дәрежесі бар ғылым докторлары мен кандидаттарының жаңадан орналасқан магистр оқытушыларға педагогика-психологиялық, әдістемелік жағынан қолдау көрсете отырып, олардың университет қабырғасында оқу-тәрбие, ғылым үдерісіне дайындығының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету болды. Сондай-ақ жас мамандарды қазіргі өмір талабына сай, нәтижеге бағдарланған, білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиямен жан-жақты іздену арқылы еңбек етуге үйрету; жаңа педагогикалық технологияларды өзінің әрекетінде толық пайдалана отырып, білім алушылардың оқу сапасын арттыру, жан-жақты дамыту болып табылды. Курс мазмұны үш модульды қамтып, онда университеттің ғылыми атақ-дәрежеге ие ғалымдары қазіргі заманғы жоғары білім берудің өзекті мәселелері аясында дәріс, тәжірибелік және өздік жұмыстарын жүргізіп, курс барысында жас оқытушылар өзара тәжірибе алмасты. Курсқа Байкунакова Г.А., Баймаганбетов А.Е., Давлетова А.С., Ерболат Л.Е., Ермагамбетова Т.С., Жубантаева Ж.К., Керімбаева Л.Ж., Куракбай М.Б., Махамбетжанова Ә.Н., Мұрат Ж.А., Мұханбедиярова Б.Ж., Мыңжасар Е.А., Төлеутай Г., Шарипова А.А. қатысып, сертификатқа ие болды. Курста сабақ жүргізген университетіміздің беделі жоғары ғылым докторлары мен ғылым кандидаттарына үлкен алғысымызды білдіреміз.