Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Жасөспірім және заң»

10.02.2021 күні «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының ұйымдастыруымен  құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Жасөспірім және заң» тақырыбында Ақтөбе қаласы ҚБ Астана ауданы №1 ҚПБ ЖПҚ ЮПт учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мукушева Амина Ержановнаның қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының топ кураторлары мен студенттері қатысты. Кафедра меңгерушісі Сейтенова С.С. алғы сөз сөйлеп, рахметін білдірді. Полиция капитаны жасөспірімдер мен жастар арасында кездесетін құқық бұзушылық түрлері, олар үшін қолданылатын шараларға және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы түсіндірді. Тақырып аясында Мукушева Амина Ержановна студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Previous
Next