Баишев Университеті

Баишев Университеті

Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен студенттік Альянстың жиыны өтті

Жастар ісі жөніндегі комититеттің ұйымдастыруымен Баишев университетінің белсенді студенттері  Ақтөбе облысының Альянс студенттік ұйымының төрайымы  Куваш Аминамен ZOOM платформасы арқылы кездесті. Кездесу барысында Амина «Қазақстан студенттер Альянсы » Қоғамдық бірлестігі туралы, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Ақтөбе облысы филиалына белсенді студенттерді өз қатарына қабылдау туралы ақпарат берді. Баишев университетінің Альянс студенттік ұйымының төрайымы болып Мырзаберген Асем тағайындалды. Сөз соңында Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ағысбай Жарасқан Альянс студенттік ұйымының алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.