Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Жамбылдың халық үшін қалған жасы»

4 наурыз 2021 жылы ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жамбылдың халық үшін қалған жасы» атты облыстық мүшәйра өтті. Мүшәйраға  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті ЕСКЕНДІРОВА ӘСЕМ қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Мүшәйраның алғашқы турында қатысушылар онлайн түрде іріктеуден өтіп, 2-кезеңге 27 адам шықты. 2-кезең С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық кітапханасында өткізілді. Біздің студент 27-нің ішінде алғашқы үштікке ілінді. Әсемді шын жеңісімен құттықтай отырып,  шығармашылық табыс, жемісті жетістіктер тілейміз!