27 қараша күні Білім берудің жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «ЕҢСЕЛІ ЕЛДІҢ ЕЛБАСЫ» атты онлайн семинар өтті.
Семинардың мақсаты: ҚР Тұңғыш Президенті – Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының дара жолымен таныстыру және «Сын сағат» деректі фильмін насихаттау. Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор – Миров Мұхтар Орынбасарұлы семинардың мақсатымен және студенттерге берер пайдасы туралы сөз сөйледі.
Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор – Сейтенова Салима Сағынқызы «Сын сағаты» деректі фильмнің маңыздылығына тоқталды, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент – Исина Жаннұр Амангелдіқызы «Тәуесліздіктің 7 қыры» туралы баяндаса, Шетел тілдері мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісінің м.а., магистр – Туржанова Гульмира Нурхановна «Н.Ә.Назарбаевтың халық үшін жасаған ерең еңбектері туралы сөз қозғады.
Жоғары білім беру мектебінің деканы, п.ғ.к., доцент – Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы қортынды сөз сөйлеп, қатысушы студенттердің сұрақтарына жауап берді.