Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Еуропалық интеграция: тарихи және саяси тәжірибесі» атты тақырыптағы Краков қаласындағы 6-ыншы халықаралық ғылыми конференция.

2021 жылғы 26-27 мамырында Google Meet  платформасында онлайн форматта «Еуропалық интеграция: тарихи және саяси тәжірибесі» атты тақырыптағы 6-ыншы халықаралық ғылыми конференция өтуде. Конференцияның ұйымдастырушысы Краковтың педагогикалық университетінің саяси және әкімшілік ғылымдар институты Николай Гоголь атындағы Нежин мемлекеттік университетімен, Борис Гринченко атындағы Киев университетімен, Ужгород ұлттық университетімен және Баишев университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияның ашылуында Баишев Университетінен  ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры және қауымдасқан профессор О.И Лыгина құттықтау сөз сөйлеп, еуропалық интеграцияның маңыздылығы мен ерекшелігін айтып кетті. Пленарлық мәжілісте халықаралық байланыстар департаментінің директоры, экономика ғылымдарының магистрі Ж.Т  Ерниязова «Зейнетақы реформасы мен зейнеткерлік жас арасындағы байланыс: еуропалық елдердің негізінде» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция щеңберінде секциялық мәжіліс өтті, ол мәжіліске университетіміздің  «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1 және 2 курс магистранттары: Корганбаева Индира, Пеннер Наталья  және  Пеннер- Насибулина Дарья қатысқан болатын. Секцияның қатысушылары «Организация элективных курсов в средней школе», «Different ways of expressing linguistic politeness in intercultural communication», «Modern approaches in the development of trilingualism» өзекті тақырыптар бойынша маңызды баяндамалар жасады. Қатысушылар элективты курстың мақсатын, сонымен қатар, ол не үшін оқылатынын, білім беру процессінің субьектілерінің қандай мұқтаждығын өтейтінін, курсты оқу барысында оқытушы мен оқушыға нақты немен жұмыс  жасау керектігін мазмұндады. Мәлімдемелердің тыңдалымы аяқталғаннан кейін талқылау болды, талқылау барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.