Баишев Университеті

Баишев Университеті

«ЕР ЕДІГЕ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

  15 қыркүйек 2020 ж. Ақтөбедегі «Ер Едіге» қоғамдық қорының төрағасы Ахат Мырзалин мен қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қайырқожа Елеусізов Баишев университетіндегі «Рухани жаңғыру» орталығына арнайы келіп, университет президенті Бекежан Аханұлына, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Мұхтар Миров пен осы орталықтың ғылыми қызметкері Жұманазар Асановқа  «Ер Едіге» төсбелгісін табыстады.

    Аталмыш қор мен Баишев университеті көптен бері тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Біріге қимылдаудың арқасында Ақтөбе қаласынан Ер Едігеге даңғыл атауы беріліп,  Алтын Орданың  750 жылдығына орай қоладан биіктігі 9 метрлік ескерткіші тұрғызылды. 2018-2020 жыл аралығында екі рет халықаралық, бір рет республикалық конференция өтті. Конференцияға Татарстан, Башқұртстан, Қарашай-Шеркеш республикасынан,  Қарақалпақстаннан едігетанушылар қатысты. Бұл шаралардың барлығына университеттегі «Рухани жаңғыру» орталығы белсене араласып, мұрындық бола білді. Түркияның танымал ғалымдарымен байланыс жасап, «Едіге батыр» эпосының атақты Шоқан Уәлиханов нұсқасын түрік тілінде кітап етіп бастырды. Қор басшылары бұл шараны жүзеге асыруда айрықша қайрат қылған белгілі түрік ғалымы Әли Арсылан мен Әзірбайжан ғалымы Галиб Сайыловты да  «Ер Едіге» төсбелгісімен марапаттап отырғанын жеткізді.

    Кездесу барысында алдағы атқарылар ортақ шаралар талқыланып, жұмыс жоспары бекітілді.