Баишев Университеті

Баишев Университеті

ДИПЛОМАЛДЫ ТӘЖІРИБЕДЕН – ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАҒА

Дипломалды практика білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады және студенттердің теориялық білімдерін бекітуге, университеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен қажетті іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдеседі.

Практикадан өту кезеңінде студенттерде дайындық бағыты бойынша практикалық жұмыс дағдылары, нақты жағдайларда нақты жұмыс учаскелерінде дербес шешімдер қабылдау қабілеті, кәсіби қызметтің мазмұны, түрлері мен нысандары туралы тұтас түсінік қалыптасады.

Академиялық күнтізбелік жоспар бойынша «Құрылыс – 401» тобының студенттері 17.01.2022 – 08.04.2022ж. аралығында дипломалды тәжірибеден өтуі жоспарланған.

Осыған байланысты 27.12.2021ж. «Дизайн және құрылыс» кафедрасында 5В072900 – «Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша «Құрылыс-401» тобы студенттерін дипломалды тәжірибеге жіберуге арналған конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға Мансап орталығының маманы Жұбатқанова Ж.Ж., кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Тукашев Ж.Б., кафедра меңгерушісінің орынбасары магистр, аға оқытушы Конысбаева Ж.О., өндірістік тәжірибесі жетекшісі Курмансеитова Г.Ж., тәжірибеге жетекші т.ғ.к., доцент Жиенкожаев М.С., топ кураторы магистр, аға оқытушы Шалабаева С.И., арнайы пәндер оқытушысы магистр, аға оқытушы Мұрат Ж.А. қатысты.

Кафедра меңгерушісі Тукашев Ж.Б. конференцияда студенттерге дипломалды тәжірибенің негізгі мақсаттары мен міндеттерімен таныстырды. Дипломалды тәжірибені бағдарлама талаптары бойынша толық орындау және тәжірибе есебін уақытылы тапсыру керек екенін ескертті.

Мансап орталығының маманы Жұбатқанова Ж.Ж. студенттерді дипломалды тәжірибесінің есеп құжаттары үлгісімен таныстырды.

Жиенқожаев М.С. студенттерді дипломалды тәжірибеден өтетін құрылыс мекемелері бойынша таныстырып өтіп, студенттерге өндірісте техника қауіпсіздігін толық сақтау керектігін, бағдарламаға сәйкес дипломдық жобаға толық мәліметтер жинақтау керектігін ескертті.

Конференцияда студенттер дипломалды тәжірибе бойынша өз ойларын білдіріп, сұрақтарына толық жауаптарын алды. Студенттерге келісім-шарттар мен жолдамалар берілді.