2021 жылдың 02 желтоқсанында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы Эльвира Берікқызының ұйымдастыруымен аса көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Даланың дара ұстазы» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Шараға «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен «Рухани жаңғыру» институты директоры, мәдениеттанушы ғалым Әзи Есентүгел Аманкелдіұлы қатысты.
Шараның негізгі мақсаты: Ы.Алтынсариннің педагогтік мұрасын зерттеу және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде іске асыру. Ағартушының еңбектері арқылы студенттердің білімдерін одан әрі дамыту, танымдық қөзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
Шараға: 6В01711-Қазақ тілі мен әдебиеті ББ 2 және 3 курс студенттері қатысты.
Іс-шара барысында студенттер тарапынан түрлі номерлер ұсынылды. Атап айтқанда: Ы.Алтынсаринның өмірі мен ағартушылық қызметі туралы баяндамалар жасалып, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Аталған іс-шара барысында видеоролик қосылып, Ы.Алтынсариннің жазған хаттары баяндалып студенттеріміз Ы.Алтынсаринге арнау өлеңдерін оқыды.
Кеш соңында студенттеріміз университет ректорының «Алғыс хатымен» марапатталды.