Баишев Университеті

Баишев Университеті

6В09111 - Ветеринариялық санитария

Мақсаты: Ветеринарлық санитария саласындағы  мамандарды  дайындау, кәсіби  қызметте жаңа білімді қолдануға  және казіргі  замаңғы технологияларды пайдалана отырып ветеринарлық – санитарлық  шараларды ұйымдастыру, жоспарлау  және бақылау бойынша міндеттерді тиімді шешуге қабілетті.

Кәсіби қызмет объектілері

Базарлардың ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары, шұжық және консерві зауыттары, ет өңдейтін кәсіпорындар, мемлекеттік кеден қызметінің мекемелері, биологиялық комбинаттар және биологиялық белсенді заттарды дайындау және бақылау жөніндегі басқа да кәсіпорындар, көлік, ғылыми-зерттеу институттары, оқу орындары және ветеринариялық бейіндегі ұйымдар, әскери-ветеринариялық қызмет.

Шаруа қожалықтары, ұжымдық шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, мал шаруашылығы бағытындағы.

Оқыту нәтижелері:

  • ОН 1 – Кәсіби қызметте тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін орыс (қазақ) және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникация қабілетін қолданады.
  • ОН 2– Экологияның іргелі  негіздерін замаңғы  жетістіктері  мен мәселелерін біледі,адамның өмір сүру ортасымен жайлы қауіпсіз өзара іс –қимылы туралы жобаны іске асыруға  ықпал етеді, кәсіби және әлеуметтік қызметте ұйымдастырушылық-басқарудағдыларын пайдалануға қабілетті.
  • ОН 3 -Кәсіби және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін әр түрлі көздерден алынған ақпаратпен, интернет ресурстарын, мобильді технологияларды, Smart-технологияларды, электрондық үкіметті пайдалана отырып, деректер базасымен жұмыс істейді.
  • ОН 4– Гистологиялық кесінділері бойынша жануарлардың морфологиясын зерттейді, оқу практикасында теориялық білімдерін қолданады
  • ОН 5– Жануарлар организмінде биохимиялық, биофизикалық және физиологиялық процестердің өту ерекшеліктерін талдайды, микробиологиялық, вирусологиялық, иммунологиялық зерттеулер жүргізеді, латын терминологиясын біледі.
  • ОН 6 – Жануарлардың ветеринарлық гигиенасы мен санитариясы негіздерін білу, алғашқы ветеринарлық көмек көрсетеді, ағзаның генетикасының қазіргі заманғы әдістерін қолданады.
  • ОН 7  – Клиникалық диагностика, фармакология, токсикология әдістерін меңгерген, жануарларды емдеу және алдын алу үшін ветеринариялық биологиялық препараттарды қолданады, патологиялық ауытқулар кезінде ағзалардың құрылысы мен функцияларының өзгеруін анықтайды
  • ОН 8  – Сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүргізеді және кәсіпорындарда ветеринариялық істі ұйымдастырады
  • ОН 9 Тамақ өнімдерінің ветеринариялық – санитариялық сараптамасын көрсетеді, мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мақсатында шикізатты, жемді қайта өңдеу және сақтау ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады
  • ОН 10  – Ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлерінде организмдердің құрылысы мен паразиттенуінің ерекшеліктерін біледі; паразиттермен күресу шараларын қолданады; жануарлардың жұқпалы ауруларын таратпау бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастырады
  • ОН11 – Радиометриялық, дозиметриялық аспаптардың іс жүзінде және ғылыми-зерттеу жұмыстарында жұмыс істеу дағдыларын қолданады, сою өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүргізеді, GMP, GLP, HACCP халықаралық стандарттары бойынша маманның қызметін регламенттейді
  • ОН12 – Ет-сүт өнімдерін өндіру технологиясы саласында сараптамалық қызмет дағдыларын; өсімдік тектес өнімдерге физикалық-химиялық зертханалық зерттеулер және балық, ара, құс шаруашылығы және жартылай фабрикаттар өнімдеріне сараптама жүргізеді; ветеринарлық заңнамаға сәйкес шекарада ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал шаруашылығы өнімдерін импорттау және көлікте тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.

Стейкхолдеры

    • ТОО «Ветеринарная санитарная экспертиза Актобе»;
    • ТОО «Ветеринарная лаборатория Актобе»
    • ТОО «Елшихан»;
    • ТОО «Парижская коммуна – ХХІ» Бестамакский животноводческий комплекс;                                                                                                
    • ПХВ «Республиканская ветеринарная лаборатория» г.Актобе;
    • ПХВ «Городская ветеринарная станция» г.Актобе;
    • Городской ветеринарный инспекция;
    • Областная територриальная инспекция.