Баишев Университеті

Баишев Университеті

Бүгін Баишев университетінің Құқық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы…

Бүгін Баишев университетінің Құқық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы «Құқықтану» мамандығының 2-3 курс студенттерінің арасында  академик С.З.Зимановтың  100 жылдығына арналған «Салық Зиманов – заң ғылымының негізін қалаушы» тақырыбындағы білім олимпиадасын өткізді. Олимпиада екі кезеңнен тұрды:

I кезең — «Мемлекет және құқық теориясы», «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы» және «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» пәндері бойынша тест тапсырды.

II кезең тапсырмасы келесідей тақырыптар бойынша  презентация қорғау.

Қазақтардың әдет-ғұрып  құқығы, Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері тақырыптарының біреуін таңдау арқылы  жүргізілді. Олимпиаданың әділ қазыларының құрамында Ақтөбе өңіріне белгілі ғалымдар болды, олар э.ғ.к. Балгинова Құралай Мақсатқызы, з.ғ.к.  проф. Куанов  А.О., з.ғ.к.  Сагиева Г.К., фс.ғ.к. Сулейменова Э.Б., Ақтөбе облысы адвокаттар алқасының мүшесі Коңырбаев С.А.

Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді және жеңімпаздар  дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.