Баишев Университеті

Баишев Университеті

Білім күніне арналған онлайн шарасы

           1 қыркүйек – Білім күніне арналған онлайн салтанатты шарасы ZOOM бағдарламасы арқылы өтті. Университет ректоры профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтады. 2020-2021 оқу жылында пандемия кезінде қашықтан және аралас оқыту арқылы Баишев университетінің оқу процессін ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсыныстар бойынша 1 курс білім алушыларына адаптациялық жұмыс жүргізілді.
Жоғары мектеп декандары, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орталық директоры С.Жалмағанбетова, университет медбикесі Г.Маясарова академиялық саясаты, университет құрылымы, Баишев университетінің тарихы, ішкі тәртіп ережесі, СЭР қамтамасыз ету регламентімен таныстырды.