Білім беру жоғары мектебі

Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы
Білім берудің жоғары мектебінің деканы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

    С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде 2012-13 оқу жылында студенттер контингентінің артуына байланысты университетте «Педагогика және жаратылыстану» факультеті құрылды. Факультет құрамында  «Филология және аударма», «Педагогика, психология және пәндік технологиялар», «Экология», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедралары жұмыс жасады. 2016 жылы факультет атауы «Педагогика факультеті»  болып өзгеріп, құрамына «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру», «Филология және аударма», «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедралары енгізілді.

     2019 жылы факультет «Білім берудің жоғары мектебі» қайта құрылып, құрамына «Шетел тілдері мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Педагогика және психология», кафедралары енгізілді.

  1. «Педагогика және психология» кафедрасы
  2. «Шетел тілдері мен әдебиеті» кафедрасы
  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

    Қазіргі таңда «Білім берудің жоғары мектебінде» 3 ғылым докторы, 25 ғылым кандидаты, 34 магистрлер мен аға оқытушылар қызмет атқаруда. Аталған кафедралар төмендегідей мамандықтар бойынша студенттер мен магистранттар дайындайды:

  • 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
  • 5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі
  • 5В010300 – Педагогика және психология
  • 5В011700 – Қазақ тілі және әдебиеті
  • 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі
  • 5В020700 – Аударма ісі
  • 6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 6М011800 – Орыс тілі мен әдебиеті
  • 7M01731 – Шет тілі: екі шет тілі

           «Білім берудің жоғары мектебінде» көптеген ғылыми, әдістемелік, шығармашылық үйірмелер мен проблемалық топтар нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Халықаралық және ұлттық академиялық ұтқырлық негізінде Шыңжаң университеті (ҚХР), Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ), Набережночелны мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ),Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ), Тонгмионг Университеті (Пусан, Оңтүстік Корея), Альчиде де Гаспери атындағы Еуропа экономика университеті (Польша), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университеті және т.б. жоғары оқу орындарының студенттері  дәріс тыңдап, өз білімдерін жетілдіруде.

       Білім берудің жоғары мектебінің студенттері облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі шараларға белсене араласып, жүлделі орындарға ие болып, мақтау грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды.

Білім берудің жоғары мектебінің деканы студенттер мен ата-аналарды барлық сұрақтар бойынша күн сайын сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.