Баишев Университеті

Баишев Университеті

Білім беру бағдарламасы

Академиялық дәреже: білім бакалавры

Педагогика және психология бакалаврының кәсіби іс-әрекетінің саласы білім беру мекемелері (педагогикалық колледждер, педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру институттары, білім департаменттері) болып табылады. Педагогика және психология бакалаврының кәсіби іс-әрекетінің аумағына білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесін жобалау, тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім берудің дамытушы және түзетуші бағдарламаларын әзірлеу жатады.

6B01111-Педагогика  және психология мамандығы бойынша БББ-ның жалпы мақсаттары:

  1. – білім алушыларды Қазақстан Республикасы халықтарының достығы мен патриотизм рухында, этносаралық  мәдениет пен салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу;
  2. – жалпыадамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру;
  3. – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі бойынша білім беру бағдарламаларының үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмысқа орналасу және кәсіби өсу үшін бәсекеге қабілетті түлекті қалыптастыру;
  4. – білім беру мекемелерін педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етудегі мемлекет пен қоғамның сұранысын қанағаттандыру;
  5. – Дублин дескрипторларына және жұмыс берушілердің талап-тілектеріне сәйкес білім алушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту;
  6. – кәсіби іс-әрекетке қажетті іргелі білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру;
  7. – жан-жақты дамыған педагогика және психология бакалаврын дайындау.

6B01111 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалавр  кәсіптік іс-әрекеттің келесі түрлерін орындай алады:

  1. – психологиялық және педагогикалық диагностика (оқушының жеке басын, оқыту, тәрбиелеу және дамыту нәтижелерін зерттеу);
  2. – басқару процестерін әлеуметтік-психологиялық қолдау;
  3. – психологиялық профилактика және ағарту;
  4. – түзету-дамыту жұмыстары;
  5. –ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технологиялар негізінде оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру);
  6. – басөарушылық-педагогикалық («субъект-субъект» жүйесінде өзара әрекет жасау, білім берудегі менеджмент);
  7. – жобалаушылық (мектепке дейінгі мекемелердің, мектептің және колледждің білім беру процесін модельдеу);
  8. – ғылыми-зерттеу (білім беру мәселелерін шешуде шығармашылық ізденіс, педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия).