Баишев Университеті

Баишев Университеті

Білім алушылар оқу-тәрбие педагогикалық тәжірибеден өтті

     Баишев Университеті, Білім берудің жоғары мектебі, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы бойынша 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері 12.10.2020-23.10.2020 мерзім аралығында оқу-тәрбие педагогикалық тәжірибеден өтті. Аталған практиканы ұйымдастыру және қорытындылау конференциясы Zoom платформасында өткізілді. Тәжірибе жетекшісі – магистр, кафедра аға оқытушысы Хабашева А.М. Студенттер тәжірибеден өту үшін өз мекен-жайлары бойынша елді-мекендердегі білім беру мекемелерімен 1 ай бұрын келісімшартқа отырды. Студенттер мекемелерге барып, тәжірибе өтетін мекеме басшылығымен кездесті.

Студенттер өздеріне белгіленген сынып жетекшілерімен байланысып, оқушылар жайында мәліметтер алып, олармен байланысқа шықты. Пән мұғалімдерімен танысып онлайн сабақ түрлеріне қатысып, араласып отырды. Қазақ тілі мен әдебиеті және өзге де пәндерден сабақ өткізетін мұғалімдердің оқыту іс-тәжірибелерін үйреніп, сонымен қатар тәрбие жұмыстарын жүргізу әдіс-тәсілдерімен танысты. Одан басқа да мектепте оқушылармен қарым-қатынас жасау, электронды күнделік толтыру, жоспармен таныса отырып, сабақ жоспарын құру, дәптер тексеру арқылы өздеріне қажетті істерді атқару арқылы біраз дағды қалыптастырды.

   Оқу-тәрбие педагогикалық тәжірибесі – болашақ ұстаздардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыратын алғашқы әдістемелік оқу-тәрбие шараларының бірі.

Екі апта тәжірибе барысында сенім дәптерлерін бастап, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болып, болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтары артып, сабақ өткізудегі түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімді жолдарын таңдай білу арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы жарқын болуы үшін тәрбиелі, сауатты ұрпақты оқытып шығару барысында үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін жете ұғынды деуге болады.

            Оқу-тәрбие педагогикалық тәжірибе негізінде студенттер  мектептің басты міндеті – білім беру саласында белгілі бағыт беріп, ізгілікке, тұлғалыққа, іскерлік бағыттарда білім беру, баланың даралығын, дарындылығын ашу арқылы оны дамытуды іске асыру, оған қолдау көрсету, барынша барлық жағдай тудыру екендігін түсіне отырып, осы бағыттарда жұмыс жасау керектігін ұғынды. Тәжірибеден өту барысында орын алған кемшілік болған жоқ.

Жоспарға сәйкес оқу оқу-тәрбие педагогикалық тәжірибеден өту мерзімі аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын барлық 3-курс студенттері тәжірибеден өтіп, қажетті құжаттарын тапсырып, тиісті бағаларын алды.

Атырау облысы Құлсары қаласы № 19 орта мектебі