Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Біз таланттарды іздейміз» онлайн кастингі

         30 қыркүйек күні жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Біз таланттарды іздейміз» онлайн кастингі өткізілді. Кастингке 60-қа жуық 1 курс студенттері қатысып, «Алаш» студенттік театры, «Үміт Нұры» еріктілер тобы, «Айсберг» пікірсайыс клубы, ұйымдастырушылар, әншілер, бишілер, жайдарман бағыттары бойынша іріктелді. Іріктеуден өткен студенттерді алдағы уақытта университеттің шараларынан көре аламыз. «Біз таланттарды іздейміз» атты онлай конкурстың ашылу салтанатына университетіміздің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Мұхтар Орынбасарұлы Миров қатысып үміткерлерге ақжол тіледі.