Баишев Университеті

Баишев Университеті

Британдық Кеңестің Creative Spark жобасы аясында «Ақтөбе облысында жастар кәсіпкерлігін дамытудың мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел

2021 жылы 18 ақпанда Баишев университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар арасындағы бейнебайланыс қашықтан ZOOM платформасы арқылы жүзеге асырылды.

Дөңгелек үстелді Баишев университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ольга Ивановна Лыгина және КОХУ ғылыми-зерттеу жұмысы және білім берудің жобалық технологиялар жөніндегі проректоры Марат Абулхаерұлы Бұхарбаев, сондай-ақ Линкольн университетінің (Линкольн, Ұлыбритания) Creative Spark жобасының менеджері Кевин Бланшарт және жобаның үйлестірушісі Олаое Оланреваджу құттықтау сөздерімен ашты.

Содан кейін сөз Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі бөлімінің, Британдық Кеңестің, «Атамекен» ҰКП-ның Ақтөбе облысы бойынша «Бастау» жобасының өкілдеріне берілді. Бизнес қауымдастығының өкілдері, «Бастау» жобасының түлектері, сондай-ақ екі университеттің студенттері мен түлектері бизнес саласындағы тәжірибелерімен және Ақтөбе облысындағы жастар кәсіпкерлігінің ерекшеліктері туралы зерттеулерімен бөлісті.

Іс-шараның мақсаты – жалпы Қазақстанда, атап айтқанда Ақтөбе облысында жастар кәсіпкерлігін дамытудың негізгі проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары қазақстандық жастарға кәсіпкерлікті бастауда кездесетін негізгі кедергілер мен мәселелерді талқылады; кәсіпкерлікті дамыту перспективаларымен танысты (мемлекеттік қолдау, жобаны қаржыландыру және т.б.); кәсіпкерлік саласындағы заңнамалық базаны талдады; сонымен қатар кәсіпкерлік саласындағы жастар үшін қажетті құралдарды анықтады.