Баишев Университеті

Баишев Университеті

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру: ұйымдастыру

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру: ұйымдастыру» бағдарламасы аясында отбасылық құндылықтарды, балаларды патриоттық тәрбиелеудегі рөлін және Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту мақсатында Телібеков Б.А. әкесі Ұлы Отан соғысының ардагері Телібеков Арықбайдың мемориалдық тақтасының астына, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың естелігіне, гүл ұсынуға арналған металл құрылымын орнатты.

1942 жылы 3 наурызда, сол кезде 10-сынып оқушысы Телібеков Арықбай майданға жолдама алды.

Волхов майданында Телібеков Арықбай ең жас сарбаз еді. Әкеміз соғыста 38-атқыштар бригадасының дружинник командирі, 120-шы Гатчина атқыштар дивизиясының взвод командирінің көмекшісі, 1-ші Украина майданында 38-ші гвардиялық корпустың взвод командирі болған.

КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының атынан майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындауы үшін, неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін аға сержант Телібеков Арықбай Қызыл Жұлдыз орденімен, II дәрежелі Даңқ ордені, «II дәрежелі Отан соғысы» ордені, сондай-ақ «Әскери ерлігі үшін» медаліне ие болған.

Оппельн, Нойштадт, Косель, Штайнау, Сюльц, Краппиц, Обер Глогау және Фаллиенберг қалаларын неміс басқыншыларынан азат етіп, бүкіл Еуропаны басып өтіп, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы И.В. Сталиннің алғысын алып, өз Отанына оралды.

Отан алдындағы қызметі үшін Телібеков Арықбай мемлекеттік наградалармен марапатталды. Солардың ішінде: Жеңістің 40, 50, 60 жылдықтарына орай,«Ленинградты фашистік блокададан толық босатудың 60 жылдығына», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», «Георгий Жуковтың 100 жылдығы», КСРО Қарулы Күштеріне 50, 60, 70 жылдықтарына орай медальдармен марапатталды.