Баишев Университеті

Баишев Университеті

Бейсен және болмыс

Желтоқсан, 2021ж.

«Рухани жаңғыру» институтының директоры Есен-Түгел Әзи Ақбөбек халықаралық мектебінде өткен «Елім деп өткен өр тұлға» атты мәдени-танымдық шараға қатысып, пікір білдірді.

Жиында белгілі журналист Бейсен Құранбектің шығармашылық жолына арналған «Бейсен және болмыс» кітабына экзистенциялық талдау жасалды. Бейсендей азаматтың тірліктегі жасаған өнегелі істері, қызметтегі іскерлігі, жалпы қоғамдағы орыны оқушылар ойымен өрілді. Кітапты оқыған жоғары сынып оқушылары ой қорытып, Бейсендей ағаларының азаматтық істеріне сүйсіне, сондай болуға ниетті екендіктерін ашық айтты.

Мұндай шара алдағы уақыттарда Ақбөбек мектебі мен «Рухани жаңғыру» институты арасында жиі өткізіліп тұратын болады.