Баишев университеті Мерсин университетінің Халықаралық онлайн симпозиумына қатысуда

      22-24 қазан аралығында Түркия, Мерсин университеті ұйымдастырған «The 4th International Mersin Symposium» («Мерсиндегі 4-ші Халықаралық симпозиум») және «The 4th International Mediterranean Symposium» (4-ші Халықаралық Жерорта теңізі симпозиумы) ZOOM бағдарламасының онлайн-форматында өтуде.

    Ашылу салтанатына Баишев университетінен Университет ректоры Бауыржан Ташмұхамбетов, әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Мұхтар Миров, Білім берудің жоғары мектебінің деканы Абай Дүйсенбаев, Есеп және қаржы кафедрасының меңгерушісі Шыныбек Бұхарбаев және Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Жұбаназар Асанов қатысты.

       Сондай-ақ, іс-шарада Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ирак, Түркия, Македония, Ресей және т.б. елдердің ғалымдары өз баяндамаларын ұсынып, симпозиумда мәдени, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді көтерді. Симпозиумда ұсынылған баяндамалар көрсетілген салалардағы
жалпы академиялық зерттеулердің барлық түрлерін: қоршаған ортадан экономикаға дейін, денсаулық сақтау ісінен ядролық энергияға дейін, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп пен саудаға дейін қамтыды.
      Баишев университеті Mer-Ak Mersin Academy Consulting академиясымен 2019 жылдың қазан айынан бастап ынтымақтықта. Мерсин қаласында Мерсин университеті мен Mer-Ak Mersin Academy Consulting ұйымдастырған III Халықаралық Мерсин симпозиумы мен III Халықаралық Жерорта теңізі симпозиумын өткізу кезінде Түркі халқы ғылым академиясының қоры құрылды. Қор құрылған күннен бастап «Жалаңтөс Баһадүр және түркі әлемі» атты халықаралық конференция, «Түркі әлеміндегі танымал тұлғалар» атты халықаралық онлайн-конференция сияқты түркі әлеміне арналған көптеген іс-шаралар өткізілді, Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен Ер Едіге «Едіге батыр» эпосының бас кейіпкері ескерткішінің ашылуы өтті, Түркиядағы Мерсин университеті «Түркі әлемінің білім академиясында» Баишев Университеті жоғары білім беру мектебінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор А.Қ. Дүйсенбаевтың «Түркі халықтарының этнопедагогикасы» монографиясы жарық көрді.  

     

Кафедра жаңалықтары (Қазақ тілі мен әдебиеті)

«Жиенғали Тілепбергенұлы және қазақ әдебиетіндегі Алаш идеясы»

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және жазушы, драматург Жиенғали Тілепбергенұлының 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жиенғали Тілепбергенұлы және қазақ әдебиетіндегі Алаш идеясы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция Биыл

Читать далее »
Новости

Жас оқытушы – жоғары білім берудің қазіргі үрдістерін жалғастырушы маман

«Жас оқытушылар мектебі» курсы Баишев Университетіне жұмысқа жаңадан орналасқан жас магистр-оқытушыларға арналған. «Жас оқытушылар мектебі» курсы ондаған жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келуде. Жас оқытушының өз

Читать далее »
Новости

Төлеген Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған психология ғылымының апталығына шақырамыз!

Баишев университеті, Білім берудің жоғары мектебі, Педагогика және психология кафедрасы, Психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 30.11.2020-04.12.2020 аралығында, Төлеген Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған психология ғылымының апталығына

Читать далее »
Новости

«ЕҢСЕЛІ ЕЛДІҢ ЕЛБАСЫ»

             27 қараша  күні Білім берудің жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күніне орай «ЕҢСЕЛІ ЕЛДІҢ ЕЛБАСЫ» атты

Читать далее »
Новости

«Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильм

https://www.youtube.com/watch?v=SV1SZn04Cychttps://www.youtube.com/watch?v=osPXD1h5_es Баишев университеті, Білім берудің жоғарғы мектебі, Педагогика және психология кафедрасы, «Педагогика және психология» мамандығы 402 тобының кураторы аға оқытушы Комарова Д.Т. ұйымдастыруымен 27-қараша күні

Читать далее »