Баишев Университеті

Баишев Университеті

Баишев Университеті академиялық департаментінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 01.03-02.04 күндері аралығында «Үздік әдістемелік жоба-2021» байқауы өткізілді.

Баишев Университеті академиялық департаментінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 01.03-02.04 күндері аралығында «Үздік әдістемелік жоба-2021» байқауы өткізілді.

Байқаудың шешуші кезеңі 2021 жылдың 02 сәуір күні Баишев Университетінің мәжіліс залында салтанатты түрде өтті. Әділ қазылар алқасының шешімімен «Интерактивті оқыту технологияларын қолдану жолдары» әдістемелік жобасын ұсынған «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.магистрі Имагамбетова Алия Айткалиевна «Үздік әдістемелік жоба» байқауының І орын иегері атанды.

Алия Айткалиевнаны жеңісімен құттықтай отырып, жемісті еңбек пен шығармашылық табыс тілейміз.

Құттықтаушылар: «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының ұжымы