Баишев Университеті

Баишев Университеті

Баишев университетінің 25 жылдығына арналған «Білім және ғылым: қазіргі заман көзқарасы» атты ғылыми-практикалық конференциясы

Баишев университетінің 25 жылдығына арналған «Білім және ғылым: қазіргі заман көзқарасы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VI Халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Педагогика және психология» кафедрасы келесі шараларды ұйымдастырды: Психология бойынша IIІ Аймақтық студенттік Олимпиада, «Қазіргі психологияның өзекті мәселелері: теория және практика» атты Республикалық ғылыми семинар.
Психология бойынша IIІ Аймақтық студенттік олимпиада
Олимпиадаға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің командасы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық институының командасы және Баишев университетінің командалары қатысты. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең – жоғары оқу орындарында эссе жазудан конкурс өтіліп, жеңімпаздар олимпиадаға жолдама алды. Екінші кезеңде – Баишев Университет базасында ZOOM платформасы бойынша ғылыми жоба қорғау болды. Үшінші кезеңде – командалар психотерапия түрлері мен әдістерін пайдалана отырып бейнеролик дайындап электронды почтаға жіберді. Қатысушы студенттердің өте жоғары белсенділік көрсеткенін атап өткен жөн. Барлық жұмыстар әділ-қазылардың талдауынан өтіп, қорытынды жасалды.
Нәтижесінде, ІІІ Аймақтық студенттік олимпиадаға қатысқан командалар
I, II, III дипломдармен және Aлғыс хаттармен, ал, ғылыми жетекшілері мен ЖОО-ның ректорлары Aлғыс хаттармен марапатталды.
«Қазіргі психологияның өзекті мәселелері: теория және практика» атты Республикалық ғылыми семинар.
Семинарға Қазақстан бойынша жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары қатысты, атап айтқанда:
* әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы;
* Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты;
* Өтемісов атындағы БҚИТУ Орал қаласы;
* «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық Орталығы, Ақтөбе қаласы;
* РҚБ «Қазақ психологиялық қоғамы», Алматы қаласы;
* Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті. Атырау қаласы;
* Қ.Жұбанов атындағы АРУ, Ақтөбе қаласы.
Ғылыми семинар барысында қазіргі психология мәселелеріне байланысты өзекті тақырыптарға баяндамалар тыңдалып, талқыланды. Семинар соңында барлық қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.
Баишев университетінің Ғылым декадасы және Баишев университетінің
25 жылдығына арналған «Білім және ғылым: қазіргі заман көзқарасы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VI Халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Педагогика және психология» кафедрасы белсенділік танытып, 3 орын дәрежелі дипломмен марапатталды.