Баишев университетінің Құқық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы «Құқықтану» мамандығының 2-3 курс студенттерін академик С.З.Зимановтың 100 жылдығына арналған «Заң ғылымының негізін қалаушы С.З. Зиманов» атты олимпиадаға қатысуға шақырады.
Олимпиада II кезеңде өтеді:
I кезең — «мемлекет және құқық теориясы», «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы» және «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» пәндері бойынша тестілеу-барлығы 90 сұрақ (4-5 ақпан сағат 17:00-ге дейін).
II кезең — презентация қорғау (9-ақпан сағат 14:00-де) тақырыптар бойынша:
- Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы.
- Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
- Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері.
Қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты және олимпиадаға қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында кафедра іс-шараны қашықтықтан (сырттай) өткізу туралы шешім қабылдады.
I кезеңге қатысу үшін тесттер университеттің саиты арқылы тапсырылады, II кезеңге қатысу үшін сілтеме 8 ақпаннан кешіктірілмей жіберіледі.
Олимпиадаға қатысу үшін 2021 жылғы 3-ақпанына дейін Ұйымдастыру комитетіне қатысушының өтінімін (өтінім нысанын осы ақпараттық хатқа 1-қосымшадан қараңыз) ұсыну және электрондық поштаға жіберу қажет g_baikunakova@bu.edu.kz., g_kuatbek@bu.edu.kz.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталады.
Қосымша ақпарат алу үшін +77074638905 Қуатбек Гүлнар Қуатбекқызы, +77023227736 Байкунакова Гульнара Акбаровна немесе электрондық пошта мекенжайы бойынша хабарласуды сұраймыз: g_baikunakova@bu.edu.kz., g_kuatbek@bu.edu.kz.
1-қосымша
Өтініш
1 | Фамилиясы (толық) | |
2 | Аты, әкесінің аты (толық) | |
3 | Курс | |
4 | Мамандық | |
5 | Оқыту нысаны | |
6 | Байланыс телефоны | |
7 | Электронды почта |