Баишев университетінің оқу бітіруші түлектеріне арналған диплом табыстау салтанаты өтті. – Баишев Университет
[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Баишев Университеті

[bvi]

Баишев университетінің оқу бітіруші түлектеріне арналған диплом табыстау салтанаты өтті.

Маусымның 28-і күні Баишев университетінде түлектерге дипломдарды тапсыру рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен ашылған салтанатты шараға қатысқандар университетіміздің президентінің кеңесшісі, оқу орнының негізін қалаушы Бекежан Аханұлы, оқу ісі жөніндегі проректор Қалағанова Н.Қ. Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор Лыгина О.И. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Жалмағамбетова С.Т. және ардагер ұстаздар, ғалымдар мен ұстаздар университет қабырғасында алған білім жүгін пайдалана отырып, еліміздің игілігі үшін қызмет етуге шақырып, бақытты түлектерді құттықтады. Университетіміздің президент кеңесшісі, оқу орнының негізін қалаушы Бекежан Аханұлы жас түлектерді оқу орнын ойдағыдай аяқтауларымен шын жүректен құттықтап, дипломдарын табыстап, биік мақсаттарға қол жеткізіп, білікті маман болып шығуларына тілектестік білдірді. Сондай-ақ, Бекежан Аханұлы биылғы түлектер арасында облыстық, республикалық түрлі байқауларға қатысып, Баишев университетінің беделін көтеруге зор үлес қосқандар көп екенін атап өтті. Өздеріңіз білетіндей, жастар үшін жоғары оқу орнындағы оқу жылдары ұмытылмас қуанышты оқиғалармен, жаңа таныстармен, әлемнің әртүрлілігін түсінуге деген үлкен қызығушылықпен және кәсіби өсумен байланысты өмірдегі ең қызықты, оқиғаға толы кезеңдердің бірі болып табылады. Баишев университетінде биыл 374 бакалавр, 9 магистр бітірсе, оның 37-сі үздік бітірген түлек. Университет бітіру кешінің соңында балаларымен бірге қуанышын бөлісуге келген түлектердің ата-аналары Баишев университет басшылығына және барша ұстаздарға шексіз алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін білдірді. Салтанатты кешті Баишев әнұранымен аяқтадық! Сәт-сапар, жас түлек!