Баишев Университеті

Баишев Университеті

Баишев Университетінің бакалавриат және магистратура білім беру гранты бойынша бітірушілердің назарына!

ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ (бұдан әрі – қоғам) жас мамандардың жұмыс істеу мониторингінің тиімділігін арттыру мақсатында келесіні хабарлайды:

2021 жылғы 8 қаңтарда «Білім туралы» Заңға – № 410-VI ҚРЗ – білім беру мәселелері бойынша кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аталған өзгерістерді орындау үшін ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ интернет платформалар арқылы мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқитын студенттермен онлайн-кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Осыған байланысты Баишев университетінің бакалавриат және магистратура білім беру гранты бойынша түлектерін «Қаржы орталығы» АҚ (Нұр-сұлтан Қ.) өкілдерінің қатысуымен 24.05.2021 ж. сағат 14.30-да (Нұр-сұлтан уақыты), 13.30. (Актобе уақыты). 2020-2021 оқу жылының бакалавриат және магистратура білім беру гранттарының иегерлері үшін ZOOM платформасында онлайн кездесу өткізілетіні туралы хабардар етеміз.

Спикерлер: Тухтыбаева Балнур Жарылқасынқызы, Жакеева Жанар Беркінқызы – ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ әлеуметтік жобалар мониторингі департаментінің менеджерлері.

Модератор: Мансап орталығының жетекшісі Танатова Роза Кубеновна.

Telegram FINCENTER Bot мессенджеріне тікелей өту үшін QR-кодты орналастырамыз , ол жерде гранттарды пысықтауға байланысты барлық қажетті ақпарат ұсынылатын болады.