Баишев Университеті

Баишев Университеті

Баишев университетінде университеттің 25 жылдығына орай Ғылым декадасы

2021 жылдың 5-9 сәуір күндері Баишев университетінде университеттің 25 жылдығына орай Ғылым декадасы болып өтті. Декада барысында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы кафедра ұжымының және филология ғылымдарының докторы, «Қазақстанның құрметті профессоры» Жұманазар Асанның ұйымдастыруымен «Едіге батыр эпосы және оның басты қаһарманы» тақырыбында ғылыми семинар және қазіргі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе «Латын әліпбиі: оқу, жазу» атты дөңгелек үстел (модераторы филология ғылымдарының кандидаты Миров Мұхтар Орынбасарұлы) өткізді.

Аталмыш ғылыми шараларға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, мамандық студенттері, магистранттар, облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің ғалымдары қатысты.

Ғылыми семинар барысында күллі түркі жұртына ортақ тұлға Едіге батыр, оның қазақ тарихындағы орны және ең маңызды жайт, батырдың Ақтөбе жеріне жерленгендігі жөнінде құнды мәліметтер айтылса, дөңгелек үстел кезінде лингвист ғалымдар жаңа әліпби, оның қыр-сыры мен ерекшеліктері туралы талдау жасады.

Қатысушылар тарапынан қос шара да аса қызығушылық тудырды.