Баишев Университеті

Баишев Университеті

Баишев Университетінде диплом тапсыру салтанаты онлайн форматта өтті

     Университетте түлектерге дәстүрлі түрде диплом тапсыру рәсімі өтті. Мерекелік іс-шараларды өткізуге енгізілген шектеулерге байланысты дипломдар беру онлайн-форматта өтті.
     2020 жылы университетте 55 магистратура, 1601 бакалавриат түлегі оқуын аяқтады, оның ішінде 84 түлек үздік диплом алды.
     Бітірушілерді диплом алуымен оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Г.Н.Актайлакова, жоғары мектеп декандары, кафедра меңгерушілері құттықтады.
     2020 жылғы түлектер атынан Кереева Таңшолпан, Сутеева Ақтентек, Замадинова Альбина, Жаңбырбай Гүлдана сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар университет пен профессор-оқытушылар құрамына алған білімдері үшін алғысын білдіріп, оларды еліміздің одан әрі өркендеуіне пайдаланатынына сенім білдірді.
Сәт сапар, түлек – 2020!