Баишев Университеті

Баишев Университеті

Баишев Университетіндегі «ERG оқу орындарындағы күні» іс-шарасы

2021 жылдың 25 ақпанында «Еуразиялық Топ» ЖШС іс-шаралары аясында «Қазхром »ТҰК» АҚ сұранысқа ие мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру мақсатында « Оқу орындарындағы ERG күні» онлайн іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», «Тау-кен ісі», «Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық жүйелер», «Экология» білім беру бағдарламаларының білім алушылары  қатысты.

Аталған іс-шара 2 алаңда – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және ДГОК зауытында өтті.

Онлайн іс-шара бағдарламасында: онлайн іс-шараның ашылуы, қатысушылардың сәлемдесуі, кездесу бағдарламасын модератор Г.Б. Казкеева, әлеуметтік қамқорлық жөніндегі үйлестіруші сөздері, «ERG – Работяги Казахстана» ролигін көрсету, персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі операциялық директор С. В. Левитинаның, АктЗФ HR бизнес-серіктестерінің сәлемдесу сөзі, өндірістік блок спикерлерінің, әлеуметтік блок өкілінің сөйлеген сөзі, ERG өңірінің персонал жөніндегі операциялық директоры А. С. Найзабекова, «ERG-бұл тұтас өмір»ролигі көрсетілді