«Ақтөбе облысына сіңірген еңбегі үшін»

    Қазақстан Республикасының  Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері,  Ақтөбеге аты мәшһүр ғалым Жұманазар Асан Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика, филология факультеттерін бітірген. 2002 жылы «ХVІІІ-ХХ ғасыр басындағы Ырғыз, Шалқар өңірі ақындарының әдеби мұрасы» деген тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады. Диссертация арқылы ғылыми айналымға түскен Мөңке би Ж.Асанның тікелей араласуымен биыл орта мектеп бағдарламасына енгізілді. Қазіргі басылымдарда орыс, неміс, ағылшын тілдерінде «Екінші Нострадамус» атанған Мөнке  –  ұлт мақтанышына, әлемдік тұлғаға айналды. Ақтөбе ескерткіш орнатты. Алматы көше берді. Ырғыздың эпик ақыны Жөкей Шаңғытбайұлы шығармаларын 2007 жылы Алматыдан жеке кітап түрінде бастырып шығарды. Бір өзі онбес дастан шығарған ақтөбелік Жөкей Шаңғытбайұлы жоғары оқу орнының оқулығында тұр.

    Мөңкенің әкесі Тілеу батыр Айтұлын 1996 жылы алғаш баспасөзде көтеріп, насихаттауға айрықша еңбек сіңірді, 2000 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Тілеу батырға арналған республикалық конференцияда бас баяндаманы жасап, теориялық негізін қалады. Ұлттық энциклопедиямыз «Қазақстандағы» Тілеу туралы мақаланың авторы – Ж.Асан. Тілеуге Шымкент қаласында көрнекі жерге еңселі ескерткіш қойылды.

     Жұманазар Асан 2010 жылы «Едіге» жыры – тарихи-қаһармандық эпос» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ж.Асанның «Едіге» эпосы мен оның басты қаһарманы Едігеге арналған ғылыми еңбектері Түркия, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Болгария, Польша, Чехия, Англиядағы ғылыми жинақтарда басылды. Интернет желілісіндегі танымал сайттардан ойып орын алды. Жоғары бағаланды, жақсы атаққа ие болды

    Ғалымның тынымсыз еңбегінің арқасында, күллі түркі халқының ардақтысы, әлемдік деңгейдегі тұлға Едігенің қазіргі Ақтөбе облысы территориясында  1419 жылы 63 жасында Ортаңғы Бөртеде өлгені ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, Ақтөбе қаласындағы бір даңғылға «Едіге батыр» аты берілді.  Өзі еңбек етіп жатқан Баишев университетінде екі рет Едігеге арналған халықаралық конференция ұйымдастырды. Оған Әзербайжан, Татарстан, Башқұртстан, Қарақалпақстан, Түркия, Қарашай-Шеркес Республикасынан, Ресейдің өзге де қалаларынан ғалымдар қатысты. Таяуда, 03.12.2020ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты республикалық конференцияның идеясын беруші, ұйымдастырушы, басты баяндамалрының бірін жасаушы да Ж.Асан болды. Конференция жұмысында Қазақстанға белгілі тарихшы ғалымдар – ҚР ҰҒА құрметті мүшесі Т.Омарбеков, ҚР ҰҒА мүшесі Б.Кәрібаев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры М.Алпысбес, профессор М. Ноғайбаева, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ж.Бауыржан, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Г.Қосымова  т.б. ғалымдар баяндама жасады. Сондай-ақ еліміздің әртүрлі қалаларындағы университеттердің докторанттары онлайн қатысып, өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасып, конференция резолюциясы қабылдады. Осылайша, Ер Едіге турасындағы кешенді жұмыс Қазақстандағы ең беделді оқу-зерттеу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өз жалғасын тапты.

    Ж.Асан 300 ден астам ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектің авторы.  2001 жылы «Шекті Мөңке би Тілеуұлы» монографиялық зерттеуі, 2011жылы «Сарышолақ Боранбайұлы», 2016жылы «Ер Едігенің тарихы» атты кітаптары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, Мәдениет және спорт министрліктерінің бағдарламалары бойынша баспадан шықты. Ғалым Ақтөбе өңірі ақындарының тұңғыш антологиясын 2001 жылы «Асыл қазына» деген атпен шығарды. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына үлес қосу мақсатында Ақтөбе өңірі ақындарының 5 томдығын шығарды. 2011 жылы «Ақтөбе кітапханасы» 50 томдығының көп еңбекті талап ететін, аса жауапты 1-ші және 2-ші томдарын құрастырып, текстологиясын қарады. Осы 50 томдықтың 26-шы томы ғалымның көркем әңгімелері мен хикаятына арналды. Әзберген батырдың, Сары Батақұлының, Нұрпейіс Байғаниннің, Мырзағұл бидің, Нияз бидің, Көтібар, Бекет батырлардың т.б. белгілі тұлғалардың өмірбаянын зерттеп, республикалық баспасөздерде жариялап келеді.  Ж.Асанның барлық шығармашылық жұмысы Ақтөбе өңірімен байланысты.

 

    Жоғарыда аталған еңбектері ғалымның Ақтөбе облысының руханиятына өлшеусіз үлес қосқанын айғақтайды. 2020 жылдың  15 желтоқсанында Жұманазар Асанұлы облыс әкімінің «Ақтөбе облысына сіңірген еңбегі үшін» деген атағымен марапатталды.

Новости

«Заманауи педагог-тәрбиеші даярлау: теориядан практикаға» атты республикалық (онлайн) семинар өтті.

2021 жылдың 21 қаңтар күні Баишев университеті және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бірлесе ұйымдастыруымен «Заманауи педагог-тәрбиеші даярлау: теориядан практикаға» атты республикалық (онлайн) семинар өтті.

Читать далее »
Новости

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау»

20 қаңтарда сағат 15:00-де Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау» тақырыбында

Читать далее »
Новости

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау»

15 қаңтарда сағат 15:00-де Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау» тақырыбында

Читать далее »
Новости

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау»

14 қаңтарда сағат 15:00-де «Әлеуметтік-мәдени даму» департаментінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау» тақырыбында

Читать далее »
Новости

2-ші академиялық кезеңде оқу процесін ұйымдастыру сұрақтары бойынша топ кураторларымен семинар өтті

12 қаңтарда университет конференц залында  2-ші академиялық кезеңде оқу процесін ұйымдастыру сұрақтары бойынша топ кураторларымен семинар өтті. Семинар барысында университет ректор м.а. Б.Ташмұхамбетов, әлеуметтік-мәдени даму

Читать далее »

Хабарландыру!

Бос білім беру грантын беруге конкурс өткізу туралы   Бос білім беру грантын беруге конкурс өткізу туралы Құрметті білім алушылар! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы

Читать далее »