Ғылым күні аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Жұманазар Асанұлының ұйымдастыруымен «Ақтөбе аумағының әдебиеті: Мөңке би шығармашылығы» атты ғылыми-семинар өтті. Семинарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранттары мен студенттері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты: ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы Ақтөбе өңірінің би-шешен, жырауларын дәріптеу. Мөңке би өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы студенттердің білімдерін одан әрі дамыту, танымдық қөзқарастарын нығайту.
Семинар барысында студенттер ақын-жыраулар толғауларын, арнауларын және шешендік сөздерін оқыды. Бейнеролик қосылып, Мөңке бидің болжамдары, өмірі туралы деректер берілді.