Баишев Университеті

Баишев Университеті

«Ақбөбек» рухани жаңғыру жолында

Баишев университеті «Рухани жаңғыру» институты «Ақбөбек» халықаралық мектебі ұйымдастырған «Мәңгілігін ойлаған ел ұрпағының кеудесіне даналықтың дәнін егеді» атты интеллектуальдық ойынға атсалысты. Қазақы ырым-тыйым, салт-дәстүр, бата маңызы, бесік жыры, батырлар жыры, т.б. тәлім-тәрбиелік мәні бар дүниелерімізді этнопедагогикалық бағытта оқушылар санасына сіңіру аясында өткізілген шараны «Ақбөбек» Халықаралық мектебі мен «Рухани жаңғыру» институты меморандумға отырып, дамытып қалалық, облыстық көлемде өткізуге уағдаласты. Жас жыршы Жомартова Сымбат терме-толғаулар шырқап, жыршылық өнердің маңызын көрсетті.
Жүргізуші: Балдану Төлеубаева Мұратқызы тарих пәнінің мұғалімі.
Шараны мектеп директоры Боранғали Дәулет Қанатұлы ашты.