«Ауыл шаруашылық және Экология» кафедрасы 5В120200-Ветеринариялық санитария, 5В080100-Агрономия, 5В060800-Экология, мамандықтары бойынша түлек даярлаушы (бакалавриат) кафедра болып есептеледі. Мамандық бойынша арнаулы пәндерді ғылыми педагогикалық және өндірістік жұмыс өтілі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Қазіргі уақытта кафедраның ғылыми дәрежелік деңгейі 60% құрайды.
2012 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетімен «Дүние» Ақтөбе университетінің қосылуына байланысты, 5В120200-Ветеринариялық санитария, 5В080100-Агрономия мамандықтары «Экология» кафедрасы құрамына біріктірілді.
2013 жылдан бастап «Экология» кафедрасының меңгерушісі б.ғ.к., аға оқытушы Утеулиева Дамелі Танатарқызы басқарып отыр.
2017-2018 оқу жылынан бастап «Экология» кафедрасы құрамынан «Ауыл шаруашылық мамандықтары» кафедрасы бөлініп шықты, кафедра меңгерушісі б.ғ.к., аға оқытушы Утеулиева Дамелі Танатарқызы.
2018-2019 оқу жылынан бастап «Экология» және «Ауыл шаруашылық мамандықтары» кафедрасы қайта қосылып, «Ауылшаруашылық және Экология» кафедрасы атанды. кафедра меңгерушісі б.ғ.к., аға оқытушы Утеулиева Дамелі Танатарқызы.