Баишев Университеті

Баишев Университеті

Ақтөбе қаласының ауданаралық экономикалық сотында пандемия кезеңінде сот істерін қараудың өзекті мәселелері

Баишев университеті Ғылым апталығы аясында «Құқық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушылары Қуатбек Гүлнар Қуатбекқызы мен Жармағанбетова Қарлығыш Талғатқызы ҚР сот жүйесінің өкілдерімен, атап айтқанда Ақтөбе қаласының судьялары Жүсіпов Алғабек Мырзамұратұлы мен Мұқашева Светлана Ержанқызымен «Ақтөбе қаласының ауданаралық экономикалық сотында пандемия кезеңінде сот істерін қараудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында судьялар студенттерді пандемия кезінде қандай проблемаларға тап болды және пандемия соттардың жұмысына және сот төрелігін жүзеге асыруға қалай әсер етті. Сондай-ақ, судьялар студенттерге қазіргі уақытта қандай автоматтандырылған компьютерлік жүйелер, электрондық базалар жұмыс істейтінін айтты. Онлайн-сот отырысына қатысушылардың құқықтарын теріс пайдаланбау және адалдық мәселесі, іске қатысушы тұлғаларды сәйкестендіру мәселесі, техникалық ақаулар және т. б. мәселелерді талқыланды.