АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР

Кафедра қызметінің маңызды бағыттарының бірі қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен орталықтармен ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

        Халықаралық академиялық ұтқырлық шеңберінде «Current trends of acculturation in the EU» халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша А. С. Мустояпова мен Б. З. Туребаеваның сертификаттарын табыс ету. Альчиде де Гаспери атындағы евроаймақтық экономика университеті, Польша Республикасы  
    19.02.2018 ж.-06.03.2018 ж. аралығында 5В010300 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 75 студенті ынтымақтастық аясында Черноризец Храбра атындағы Варнен еркін университетінің профессоры PhD Буюклиева А.С. «Сын тұрғысынан және креативті ойлау» тақырыбында өткізген курсқа қатысты.
    23.04.2018-14.05.2018 ж. аралығында «Көпмәдениетті білім беру саласындағы инновациялық технологиялар» халықаралық желілік зертханасының ғылыми жетекшісі, «ИКаРУС» ОО жанындағы көптілділік және мәдениетаралық коммуникация бойынша халықаралық әдістемелік кеңес басқармасының мүшесі, РФ Федералдық тізілімінің сарапшысы, п.ғ.к. Кудрявцева Е.Л. (Гутов қ., ГФР) «Көпмәдени білім беру саласындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында 5В010300-Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 60 студенттеріне онлайн – оқыту өткізді.
    Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры п.ғ.д., А.В.Москвина «Дефектология және логопедия негіздері» пәні бойынша сабақ (6 қосымша) және 7.11.2017 ж.-1.12.2017 ж. аралығында «инклюзивті білім берудің теориялық және заңнамалық негіздері» тақырыбында студентердің сертификаттау курстарын  өткізді (72 сағат)
    Академиялық ұтқырлықтың халықаралық бағдарламаларын ынталандыру мақсатында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 2017 жылы жоғарыда аталған университетте «Әлеуметтік саланың стратегиялық және инновациялық менеджменті» (72 сағат) біліктілігін арттыру курсынан п.ғ.к., доцент А.С.Мустояпова мен п.ғ.к., аға оқытушы Б.З.Туребаеваның  стажировкадан өтуіне жағдай жасады.
    Білім және ғылым саласындағы халықаралық өзара тиімді ынтымақтастық Қазақстанның және алыс және жақын шетелдердің келесі оқу орындарымен орнатылды және бекітілді:
    Альчиде де Гаспери атындағы евроаймақтық экономика университеті, Польша Республикасы;

  1.  М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті;
  2.  Черноризец Храбра атындағы Варнен еркін университеті;
  3.  Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті;
  4.  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,
  5.  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті;
  6.  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және т. б.

    С.Баишев атындағы Ақтөбе университеті Лиссабон Конвенциясының талабы негізінен ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасы, атап айтқанда, жақын және алыс шетелдердің жетекші ғалымдарын шақыру арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, керісінше, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің жеке оқытушыларының дәріс оқу және оқыту үшін шетелдерге шығуы