Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 17 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.
Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.
Гранттар саны: 17
Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:
Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн-өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет…
Міндетті құжаттар:
* Жеке куәлік көшірмесі;
* «Қазақстанның білімі және ғылымы үшін не жасадым және не жасығым келеді? Сіз үшін маңыздысы не? Неліктен?» атты тақырыпта уәждемелік хат;
* Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес);
* Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистратура мен интернатура студенттері үшін).
Қосымша құжаттар:
* Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
* Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;