Баишев Университеті

Баишев Университеті

Азаматтық процесте құқықтар мен мүдделерді қорғау бойынша Қазақстан Республикасы соттары қызметінің заманауи форматтары

Баишев Университет мекемесі Ғылым онкүндігінің жоспарына сәйкес 2021 жылдың 5 сәуірінде сағат 17.00-де Құқық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессоры з.ғ. к. И. М. Телибекованың ұйымдастыруымен zoom-платформасында «Азаматтық процесте құқықтар мен мүдделерді қорғау бойынша Қазақстан Республикасы соттары қызметінің қазіргі заманғы форматтары» атты Дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Ақтөбе кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының мүшелері, дөңгелек үстел қонақтары – Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Кушбаев Әлімжан Өтемісұлы, Ақтөбе облысы заң консультанттары палатасының мүшесі Мұқанов Ержан Тәжіұлы, Ақтөбе облысы Нотариаттық палатасының нотариусы Думова Айгүл Айғалиқызы, сондай-ақ күндізгі және қашықтықтан оқыту нысанының студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде соттар қызметінің мәселелері, қоғамның цифрлық трансформациясы жағдайындағы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды және студенттер-дипломниктармен ғылыми зерттеулерінің нәтижелері апробациядан өткізілді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Баишев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры О.И. Лыгина алғыс хаттармен іс-шараның белсенді қатысушыларын марапаттады.