«АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»

Баишев университеті, Білім берудегі жоғары мектебі, Педагогика  және  психология  кафедрасының ұйымдастыруымен ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Абай әлеміне саяхат» атты республикалық деңгейдегі онлайн форматында мерекелік шара өтті.

Негізгі шараның мақсаты – Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, кемеңгер Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармалары, оның ақындық-өнер айналасын, сол замандағы тарих пен мәдениетті насихаттау  арқылы жас ұрпақты білім-ғылымға, ұлттық құндылықтарды сақтауға, ізденімпаздыққа  тәрбиелеу.                                                                       Баишев университетінің Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры – Миров Мұхтар Орынбасарұлы, Жоғары білім беру мектебінің деканы, п.ғ.к., доцент – Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы шараның негізгі маңыздылығына тоқталып өтті. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, п.ғ.магистрі -Жандилдина Роза Есентаевна мен Баишев жоғары медициналық колледжінің директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары – Жандосов Шалгинбай  Утигенович Абайдың сара жолы туралы баяндаса, Шымкент университетінің филология факультетінің студенттері Абдрахманов Бауыржан, Есболай Арайлым Абайдың туындыларын шашу етті.  Сонымен қатар Абай қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері Бейсембинова Гүлназ Талғатқызының жетекшілігімен «Абайдың «ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық- музейі»-не онлайн экскурсия жасалды. Мерекелік шараны педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор –  Сейтенова Салима Сағынқызының кеш қонақтары мен қатысушыларына алғыс сөзімен аяқталды. Қатысушы студенттер шарадан алған әсерлерімен бөлісті.                                                                       Шараға қатысқан кеш қонақтарына және студенттерге алғысымыз шексіз.

Новости

«Заманауи педагог-тәрбиеші даярлау: теориядан практикаға» атты республикалық (онлайн) семинар өтті.

2021 жылдың 21 қаңтар күні Баишев университеті және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бірлесе ұйымдастыруымен «Заманауи педагог-тәрбиеші даярлау: теориядан практикаға» атты республикалық (онлайн) семинар өтті.

Читать далее »
Новости

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау»

20 қаңтарда сағат 15:00-де Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау» тақырыбында

Читать далее »
Новости

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау»

15 қаңтарда сағат 15:00-де Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау» тақырыбында

Читать далее »
Новости

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау»

14 қаңтарда сағат 15:00-де «Әлеуметтік-мәдени даму» департаментінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтау» тақырыбында

Читать далее »
Новости

2-ші академиялық кезеңде оқу процесін ұйымдастыру сұрақтары бойынша топ кураторларымен семинар өтті

12 қаңтарда университет конференц залында  2-ші академиялық кезеңде оқу процесін ұйымдастыру сұрақтары бойынша топ кураторларымен семинар өтті. Семинар барысында университет ректор м.а. Б.Ташмұхамбетов, әлеуметтік-мәдени даму

Читать далее »

Хабарландыру!

Бос білім беру грантын беруге конкурс өткізу туралы   Бос білім беру грантын беруге конкурс өткізу туралы Құрметті білім алушылар! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы

Читать далее »